RU

Жапонияның 3 ірі концерні миллиондаған көліктерін кері қайтарып алмақ

Жапонияның 3 ірі концерні Toyota, Nissan және Honda миллиондаған көліктерін кері қайтарып алмақ. Бұған қауіпсіздік жастығындағы ақау себеп болып отыр деп хабарлайды 24.kz.

Автоөндірушілердің айтуынша, олар көлік соғылған кезде жарылып кетуі ғажап емес немесе жолаушыларды жаралауы мүмкін.

Осыған орай тек Nissan корпорациясының өзінде 1,5 миллион көлік қайта тексеруден өтпек. Алайда компания қандай үлгінің қауіпті екенін ашық жарияламай отыр.

Көліктерді жаппай қайтару жапондық Takata компаниясына да міндеттелді. Себебі сол үш ірі өндірушінің көліктері үшін жастықтарды жеткізетін дәл осы ұйым болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/756996-zhaponiyanynh-3-iri-koncerni-milliondagha.html