RU

Мұхиттағы ғажайып құбылыс жұртты таң қалдырды (видео)

Мұхит жағалауындағы қара түсті дақ өзіне Калифорния тұрғындарының назарын бірден аудартты деп жазды 24.kz.

Бастапқыда оны «төгілген мұнай дағы» деп топшылаған халық жақындап барып көрген кезде жағаларын ұстады.

Су бетінде қалықтап, пішінін өзгерткен дақ бірнеше миллиондаған майда балықтың үйірі болып шықты, деп жазады mirfactov.com.

Олар 100 метрлік ұзындық бойына сапырылысып жүзіп жүрген екен. Таңғажайып құбылыстың бейнесі кейіннен ғаламторда жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/757028-mukhittaghy-ghazhayyp-qubylys-zhurtty-tanh.html