RU

9 жасар қазақстандық қыз шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

9 жасар Амина Қайырбекова Тайландта оқушылар арасында өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды деп хабарлайды  Vesti.kz.

Амина Каирбекова

Жарыс қорытындысы бойынша 10 медальді еншілген қазақстандықтар командалық есепте 4-ші орынға тұрақтады. Жалпы есеп бойынша қазақстандықтар 5 қола, 3 күміс және екі алтын медаль иеленді.

Қайырбекова мүмкін болған 9 ұпайдың 8-ін жинап, турнир жеңімпазы атанды. Осыдан кейін ол алтын жүлдесіне қосып тағы да күміс иеленді. Ол блицте екінші болды.

Қола алғандар: Самал Абдуали, Арыстанбек Ұразаев, Алтынай Құжамқұл, Қазыбек Нөгербек және Назерке Нұрғали. Күміс: Амина Қайырбекова, Ансат Алдияр, Дениз Құрманалин. Алтын: Сайын Жанат, Амина Қайырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/757154-9-zhasar-qazaqstandyq-shakhmattan-alem-che.html