RU

Бүгін Батырхан Шүкенов тірі болғанда 53 жасқа толар еді

Бүгін Батырхан Шүкенов тірі болғанда 53 жасқа толар еді. Алматыда марқұмның туған күні қарсаңыда оны еске алу кеші өтеді.

Батырхан Шүкеновке 53-ші туған күнін атап өтуге небәрі бірнеше апта ғана жетпей қалды. 28 сәуірде оның жүрек талмасы ұстап, қайтыс болды. Марқұмның денесі Мәскеуден Алматыға жеткізіліп, оны мыңдаған халқы арулап ақтық сапарға шығарып салған еді.

Бүгінде Қазақстанда Батырды еске алу іс-шаралары жоспарланған.

Әншінің туыстары оның кеткеніне 40 күн толмастан қандай да бір концерттер ұйымдастыруды қош көрмесе де Алматыда Республика сарайының алдында әншіні еске алу кеші өтеді.

Алматыдағы еске алу кешін Батырхан жақсы көретін ChickFlick тобы ашады. Топ әншілері Батырханның репертуарынан бірнеше ән орындамақ деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұдан соң Республика Сарайының алдында арнайы монитордан «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі. Онда әншінің достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары, әншінің қысқаша түсініктемелері енген.

Қала әкімшілігі аталған шараға байланысты осы аумақтағы көлік кептелісін туғызбас үшін келушілерге «Абай» алаңына қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетулерін (КИМЭП аялдамасы) өтініп сұрайды.

Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін «Арман» кинотеатрының жанында тұрақ және Республика Сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады.

Естеріңізге салсақ, музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде еске алу кешін өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/759257-bugin-batyrkhan-shukenov-53-zhasqa-tolar-ed.html