RU

Қазақстандық министрлердің әйелдері (фото)

Министрлеріміздің көңіл-күйіне тікелей әсер ететін өмірлік жарлары кім деген сауалға 365info.kz сайты жауап берді.

Премьер-министрдің әйелі – Дилярам Азатқызы Мәсімова (тұрмысқа шықпай тұрғанда Машурова)

Дилярам Мәсімова - Алматы облысы Ұйғыр ауданын ұзақ жылдар басқарып келген танымал мемлекеттік қайраткер Азат Машуровтың қызы. Премъер-министр Кәрім Мәсімовпен ортақ 3 балалары бар. Ресми емес мәліметтерден қызы Тамила Сингапурда білім алып, анасымен бірге тұрып жатқаны белгілі.

Ішкі істер министрінің әйелі - Дина Әбікенқызы Қасымова.

Дина Қасымова – еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың әйелі. Ханым құрылыс материалдарын өндіретін "Месторождение "Кызылсок" ЖШС-ін иелік етеді деген сыбыс бар. Қазақстанның ЖҚҚМИ көлік нөмірлері базасында Қасымованың атына 1989 жылғы Mazda 626 көлігі тіркелген.

Сыртқы істер министрінің әйелі – Ыдырысова Нұрила Анарбекқызы

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әйелі Ыдырысова Нұрилә Анарбекқызы да қарапайым көліктің иесі. Оның атына 1995 жылғы Ford Taurus тіркелген. Бұдан өзге Нұриләның логопед екені белгілі. Логопед - сөйлеуде кемістігі бар балаларды түзетуге көмектесетін маман. Кәсіпкерлік әлемінде ханым байқалған емес.

Мәдениет және спорт министрінің әйелі –Ысқақова Ғалия Нығметқызы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ысқақова Ғалия Нығметқызы - өнертанушы мамандығының иесі. Ханым 2010 жылы "Нұрғиса Тілендиевтің ән шығармашылығындағы ұлттық бастаулар" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шыққан. 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы.

Қорғаныс министрінің әйелі – Бекқұлова Клара.

Қорғаныс минстрі Иманғали Тасмағамбетовтың әйелі Клара Бекқұлова – жары секілді оқытушы. Ханымның иелігінде 2000 жылғы MERCEDES BENZ G 500 көлігі бар. Жұптың үлкен қызы Әсел қазақстандық олигарх Кеңес Рақышевқа тұрмысқа шықты. Әсел Telli био-бутигіне қожалық етіп, қайырымдылықпен айналысады.

Әділет министрінің әйелі – Адайбекова Лейла Мұхамбетқызы

Әділет министрі Берік Имашевтің әйелі Лейла Мұхамбетқызы түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді (сауда, электр қуатын өндіру т.т.) иелік етеді. "Medeu Resort" қонақүйінің қожайыны. Қайырымдылықпен айналысып отырады. Жұп президент отбасының құдалары саналады. Қыздары Аида Имашева Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиевке тұрмысқа шықты.

Ұлттық экономика министрінің әйелі – Гүлнәр Досаева

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың әйелі Гүлнәр Досаева – күйеуінің $110 000 000-ға тең дүниесіне (Forbes, 2014) қожалық етеді. Бұдан өзге ханым - "G and G Гламур" (ірі люкс санатындағы fashion-ритейлер Қазақстанда MaxMara, Dolce&Gabbana, Fendi, Gucci, Celine, Marina Rinaldi, Sergio Rossi, Mathew Williamson, Temperley, Jitrois, Рreen, Markus Luрfer, Jenny рackham, Andrew GN, Mchael Kors, Marchesa, Emporio Armani және өзге де брендтерді таратады) компаниясының иесі. Белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады.

Ғылым және білім министрінің әйелі - Сәрінжіпова Анар Тельманқызы

Ғылым және білім министрі Аслан Сәрінжіповтің әйелі  Анар Тельманқызы - 1997 жылғы TOYOTA RAV4 көлігінің иесі.

Сонымен қатар Исекешева Ләззат Ерболқызы, Жапарова Алмагүл Ермекқызы (Асылжан Мамытбековтің әйелі), Сұлтанова Регина Фандесқызы (Бақыт Сұлтановтың әйелі) Владимир Школьниктің жас жұбайы, 8 жасар ұл тәрбиелеп отырған Жүнісбекова Ләззат Сағатовнаны атап өтуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/761306-qazaqstandyq-ministrlerdinh-ayelderi.html