RU

Петропавлда қатты желдің салдарынан құлаған ағаш көлікті басып қалды (фото)

20 мамыр күні Петропавлда қолайсыз ауа райын орын алды. Қатты жел салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілген.

Тоқсан би көшесіндегі ағаштардың бірі жақын тұрған ВАЗ-2110 көлігінің үстіне құлаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктің үстіңгі бөлігі мен капотының шеті бүлініп, шынысы сынған.

«Тоқсан би көшесі бойынша көлікпен келе жатқан едім. Мен өткен соң, бірден бағана құлады. Жақын жердегі ағаш көліктің үстіне құлаған», - деп баяндайды оқиғаның куәгері Николай Герт.

Жел салдарынан Петропавл қаласындағы ботаникалық бақ ғимаратының шатыры жұлынды.

«Бүгін таңертең шатырдың 8 шаршы метрі, сондай-ақ вентиляция жүйесінің дефлекторы жұлынды. Дефлектор жақын жерде өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлады, абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Шатырдың бөлігі ғимараттан 150 метр жерден табылды», - деді Ботаникалық бақтың басты агрономы Равиль Рязапов.

Еске сала кетейік, бұған дейін қатты жел Алматы тұрғындарын да әбігерге салған болатын. Ал Қостанайда дауыл салдарынан жүк көлігі аударылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/762937-petropavlda-qatty-zheldinh-saldarynan.html