RU

Қазақстандықтар ескерткіш басына мініп, суретке түсуді сәнге айналдырды (фото)

Қазақстандықтар ескерткіш басына шығып алып фотоға түсіду сәнге  айналдырды деп жазды informburo.kz.

Көпшіліктің назарына тағы бір жеткіншектің Ұлы отан соғысында қаза болған сарбаздарға қойылған ескерткіштің басына мініп алып түскен фотосы ілікті.

Фотодан жігіт касканың үстіне гүл ұстап жайғасқаны байқалады. Риза болып тұрғанына қарағанда ол ұятты қылық жасап тұрғанын түсінбейтін секілді.

Фотоны көргендер соғыста қаза болғандарға құрметпен қарауды білмейтін жеткіншекте моральдық құндылықтар мен тәрбие жоқ деген пікір қалдыруда.

Instagram-дағы "Есьже, я приезжий" атты парақшада бұдан өзге ер кісінің бұқа мүсінінің үстіне шыққан фотосы жарияланған. Белгілі болғандай, фото Шымкенттегі саябақта жасалған. Бұл азаматты да көпшілік сынға алды.

20 мамырда полиция Талдықорғанда Қабанбай батыр мүсініне шығып алған бұзақыларды құрықтады.

Ал мына фотода жас жігіт Алматыдағы "Битлз" тобына қойылған мүсіннің басына мініп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/763092-qazaqstandyqtar-eskertkish-basyna-mi.html