RU

Нұрлан Еспанов бала күнгі арманын орындау үшін киноға кетпекші

Әнші, сазгер Нұрлан Еспанов бала күнгі арманын орындап, кино саласына бет бұрмақшы.

Бұл туралы baistars.kz сайты хабарлайды.

«Енді кино жанрына қарай көбірек бет бұрып, тіпті жақында киноға кетуім мүмкін»,- деді Еспанов сайтқа берген сұхбатында.

Түрлі фильмдерге түсіп, образдарды сомдау -  Нұрланның бала күнгі арманы  екен. Ол бұған дейін отандық фильмдердің бірнешеуінде өзін актерлық қырынан танытып жүр.

Қазіргі таңда әнші  екі бірдей киноға түсіп жатыр екен. Бірақ туындының атауы да, сюжет желісі де құпия. Бір анығы,  фильмде  Еспанов мұғалімнің рөлін сомдайды.

Алайда, Нұрлан Еспанов әншілікті де қалдырмайтынын айтты.

«Қорықпаңыздар! Мен ең алдымен әншімін, актерлік шеберлігім асып-тасып бара жатса да, әншілікті тастамаймын»,- дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/763303-nurlan-espanov-bala-kungi-armanyn-ory.html