RU

Ақтөбеде 8 жасар қызды туысқан ағасы зорламақ болды

Ақтөбеде 22 жастағы жігіт бірінші сынып оқушысын зорламақ болған.

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

8 жасар қызды басқа емес, өзінің туысқаны зорламақ болған. Оқиға 12 мамыр күні орын алды деп хабарлайды құқық қорғау орындары. Алайда, тәртіп сақшылары оқиғаның нақты қалай болғанын айтудан бас тартқан.

Ал 8 жасар қыз оқитын мектеп директоры оқиғаның қалай өрбігенін баяндап берді. Директордың айтуынша, оқушы қыз сабақ аяқталған соң үйіне келген. Ал қыздың анасы жұмысына, әкесі Ырғыз ауданындағы туыстарына кетіпті.

Оқушы қыз үйінде жалғыз қалады. Кейін үйге қыздың 22 жастағы туысқан ағасы келеді. Ол қыздың әкесінің немере інісі. Үйде ешкім жоқ екенін білген жігіт оқушы қызға тиісе бастаған. Қуанышқа қарай, қызды зорлау фактісі тіркелген жоқ.

Кейін жігіттің қыздарына тиіспек болғанын естіген оқушының ата-анасы полицияға шағымданды. Бүгінде күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/764869-aqtobede-8-zhasar-qyzdy-tuysqan-aghasy-zo.html