RU

Журналист Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті

Журналист, қаламгер Дидахмет Әшімханұлы бүгін таңертең дүниеден өтті. 24 мамыр күні сағат 10-да Алматы қаласындағы жазушылар одағында қаралы митинг болмақ.

Марқұмның денесі туған жері ШҚО-на жерленеді.

Достарының айтуынша жазушы денсаулығына байланысты өткен аптада емханаға жатып шыққан. «Тосыннан келген хабар барлығымызды есеңгіретіп кетті» дейді олар.

Естеріңзге сала кетсек, жазушы 10 маусым 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген Д. Әшімхан еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы", "Лениншіл жас"  газеттерінде тілші болып бастаған. Кейін "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан»), "Қазақ әдебиеті" газеттерінде бөлім меңгерушісі, "Заман — Қазақстан" газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

1992–1994 жылдары халықаралық «Заман — Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары, 1994 жылы халықаралық "Түркістан" газетінде бас редактордың орынбасары болады.

1986 жылы Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі болады.

2003 жылы "Ел-шежіре" қоғамдық қорының президенті, "Алаш" баспасының директоры. Бұдан өзге жазушы өзінің шығармашылық жолында «Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Каменная падь», «Жер аңсағай сары атан», «Самырсын сазы», «Әңгіме емес әңгімелер» атты әңгімелер мен повестер жинағының авторы.

Қазақстанның Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі, «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. 2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/765596-zhurnalist-didakhmet-ashimkhanuly-dunie.html