RU

Зілтемір көтерген тиіндер жұртшылықты таң қалдырды (фото)

Макс Эллис (Max Ellis) есімді фотограф екі тиіннің "зілтемір көтерген" сәтін фотоға түсіріп алды деп жазды bigpicture.ru.

Фотодан тиіндер ауыр зілтемір көтеріп тұрғандай көрінеді. Шын мәнісінде 52 жастағы фотограф жіңішке тросстар мен тамақ үгінділерін пайдаланып, ұлы үшін қызықты фотолар сериясын ұйымдастырған.

1. Салмақ алынды!

Макс тиіндерді тамақ үгінділерімен қызықтырып, қолайлы сәтті күткен.

2. Көмекке шықшы, достым!

3. Енді екі рет салмақ алу қалды!

4. "Салмағы 2 кг гантель көрінбейтін қармақ жібіне ілулі тұр", — деп түсіндірді Макс.

5. Жақсы жұмыс істедік! Енді демалуға да болады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/766897-ziltemir-kotergen-tiinder-zhurtshylyq.html