RU

Турникте 400 рет көтерілген қазақ сарбазы көпшілікті таң қалдырды

Қарулы күштер құрлық әскері №43386 бөлімшесінің сарбазы турникте "күшпен екі қолға шығу" жаттығуы бойынша Гиннес рекордын жаңартпақ.

Бүгінде кіші сержант Ержан Әбілмансұров 1 сағат 40 минуттың ішінде 400 рет (минутына 25 рет күшпен екі қолға шығу) көтеріле алады, деп хабарлады "Алаш айнасы" қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан қазіргі жетістігін әлі де жетілдіріп, одан да жоғары көрсеткішке жетуді көздейді. Соған бар ынтасын салып, жаттығып жүр. Сарбаз өз жетістігін Гиннестің рекордтар кітабына енгізбекші.

Ол үшін тиісті өтінімін жазып, аталған ұйымға жіберіп те қойған. Бүгінгі таңда "күшпен екі қолға шығу" бойынша әлемдік рекорд ресейлік Максим Трухановцке тиесілі. Ол бір минуттың ішінде 21 рет көтеріле алады. Әзірше, Ержан бұл рекордты 25-ке дейін жаңартып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық әскерилер үшін күшпен екі қолға шығу дене даярлығына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып саналады. Ол нормативті кез келген сарбаз орындауы шарт.

Осы жаттығуға сәйкес, денені турниктен асырып, белге дейін көтеру керек. Аталған жаттығудың қалай орындалатынын төмендегі бейнежазбадан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/770461-qazaq-sarbazy-turnikte-400-ret-koterile.html