RU

Демалыс күндері еліміздің батыс өңірінде күн 40 градусқа дейін ыстық болады

Демалыс күндері Батыс Қазақстанда 40 градустық ыстық болады деп хабарлады "Қазгидромет".

Қазақстанның батыс өңірлерінде күннің қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

"31 мамыр күні күндіз және 1 маусымда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 40-43°C ыстық болады деп күтілуде", - делінген бейсенбідегі хабарламада.

Осыған орай, синоптиктер тұрғындарды аптап ыстықта денсаулықтарына мұқият болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/770582-batys-qazaqstanda-demalys-kunderi-40-gr.html