RU

Рим көшесінде бір топ үйрек көлік қозғалысын тоқтатты

Римнің қақ ортасында бір топ үйрек көлік қозғалысын тоқтатты деп хабарлады 24.kz.

Жол жиегінде балапандарымен бірге тізіліп тұрған үйрек қаңқылдап қоя беріпті. Осылайша, ол жолдың арғы бетіне өтем деп сыңай білдірген көрінеді.

Қызық құбылысты көзі қырағы полиция қызметкері байқап қалады. Тәртіп сақшысы дереу көліктерді тоқтатып, үйректердің жолдан аман-есен өтуіне көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/771544-rim-koshesinde-bir-top-uyrek-kolik-qozgh.html