Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің ең қорқынышты тіршілік иелері (фото)

Опубликовано:

Ғаламшарымыздағы ең қорқынышты тіршілік иелерінің фотосын bigpicture.ru сайты назарларыңызға ұсынады.

1. Аяққолды жаунар

1780 жылы Мадагаскарда бұл жануарды алғаш көрген ғалымдар оны қандай жануар түріне жатқызарын білмеді.

Кеміргіштер қатарына қосайын десе, салмағы мысыққа жақын келетін, ал құйрығы тиіндікіндей жануар кеміргішке толықтай ұқсамады.

Ақыры ғалымдар бұл аяққолды жануар жартылай маймылдар қатарына жатады деген тоқтамға келген.

Аяққолды маймыл үшінші саусағын жүнін тарап, құрттарды жеуге пайдаланады.

1972 жылы жануардың бұл түрі 50-ге шақ қана қалғанда Мадагаскар халқы оларды қорғауға алып, жойылудан сақтады.

Маймылдың бұл түрі тек Мадагаскарда ғана кездеседі

2. Қызғылт бақа

2003 жылы Үндістанның ну ормандары арасынан ғажайып жерасты бақасы табылды.

Биологтар ол туралы ұзақ уақыт ештеңе білмей келді. Себебі бақа жыл бойы тек 14 км² аймақты алып жатқан бір жерде ғана тіршілік етеді. Оны түсіне бола қызғылт бақа атап кеткен.

Бойы 9 см-ден аспайтын бақа термиттерді жеп, жер астында тіршілік етеді. Жер бетіне тек ұрпағын жалғастырып, жұбын табу үшін бір-екі аптаға шығады.

3. Жалаңаш жер қазғыш

Жер бетіне мүлдем шықпайды.

Кеміргіштің бұл түрі ғалымдарды қатты таң қалдырды. Себебі ол мүлдем су ішпейді. Ауырсынуды сезінбейді. Жарақаттарды, көмір қышқыл газының көп мөлшерін жеңіл көтере алады. Және рак ісіктеріне мүлдем шалдықпайды.

Денесі 10 см-ден аспайтын кеміргіш жер қазуға бейім. Құмырсқалар секілді әр қайсысы бір міндетті атқарып, тіршілік етеді.

Бүкіл үйірге жалғыз ұрғашы ұрпақ жалғастырып, өмірінде 900 кеміргішті дүниеге әкеле алады.

4. Тамшы балық

2013 жылы британдық ең қорқынышты жануарларды қорғау қоғамы балықты эталондарына айналдырды. Балық ерекше қайғылы түріне бола 10 000 дауыс жинап, көпшілік назарына іліккен болатын. Балық ұрпағына өте үлкен мейірім танытады. Ол уылдырықтарын тауықтар секілді басып отырып, өскенге дейін қарайласып жүреді.

Балықтың бұл түрі тек Австралияда кездесді. Ғалымдар әлі толықтай зерттеп үлгермеген тамшы балық жойылып кету қаупінде тұр.

5. Жұлдызмұрын

Тек Солтүстік Америкада ғана тіршлік етеді.

Көртышқандардың бір түрі деп есептеледі.

22 мұртымен тамақтанып, су ішеді.

6. Вьетнам жарқанаты

2012 жылы ғалымдар жарқанаттың жаңа түрін тапты. Вьетнам жарқанаттары өзге туыстастарынан ДНК-сы ұқсамауымен ерекшеленеді. Оларды алғаш анықтаған ғалым - Дональд Редфилд Гриффин.

7. Марабу

Марабу – жыртқыш құс.

Құтандармен туыстас құс өлекселерді азық қылады.

Олар тіпті құстардың өлекселерін де жей береді.

8. Тереңдегі қармақшы

Бұл балықтың екінші атауы – теңіз жыны.

Ол тереңдікте жанған қармақшасымен азығын аулайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/771682-alemninh-enh-qorqynyshty-tirshilik-ieler/

pixel