RU

Forbes әлемдегі ең «қалталы» әйелдердің тізімін жария етті

Forbes басылымы әлемнің ең бай бикештерінің кезекті тізімін жасады. Алғашқылардың қатарында саясаткер-әйелдер Ангела Меркель (1-орын) мен Хилари Клинтон (2-орын) көрінді деп хабарлайды 24.kz.

Ең «қалталы» нәзік жандылардың тізімін Бейонс Ноулз (21-орын), Анджелина Джоли (54-орын) және Тейлор Свифт (64-орын) сынды Голливуд жұлдыздары жалғастырды.

Сондай-ақ шоу-бизнес өкілдерінің арасында рейтингтің 12-орны тележүргізуші Опра Уинфри, 28-орны америкалық Vogue-тың басшысы Анна Винтур, 50-орны Эллен ДеДженереске бұйырды.

Актриса София Вергара 57-орынды иемденсе, 81-орынды мың бұралған Шакира місе тұтты. Бұл туралы popcornnews.ru мәлімдеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/772757-forbes-alemdegi-enh-qaltaly-ayelderdinh-ti.html