RU

Ұлыбританияда Джеймс Бонд хикаялары туралы жаңа роман жарық көрмек

Аты аңызға айналған супер тыңшы Джеймс Бондтың басынан өткен хикаяларын баяндайтын жаңа роман оқырмандар назарына ұсынылмақ деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Ян Флеминг мұрагерлерінің мүддесіне өкілдік ететін қор мүшелері мәлімдеді.

8 қыркүйекте жарыққа шығатын романның атауы «Смертоносный курок» (Trigger Mortis) болмақ. Авторы – жазушы Энтони Горовиц.

«Басты мақсат Флеминг алғашында жасаған шынайы Бондтың образын қайта «тірілту» болды», - деп ойымен бөлісті Горовиц.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/772769-ulybritaniyada-dzheyms-bond-khikayalary.html