RU

Алматыда өлі күйінде табылған Мүсірепов театрының әртістері бірнеше ай бұрын ажырасып кеткен

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болған жантүргішерлік оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты. Белгілі болғандай ерлі-зайыптылар қайтыс болғанға дейін ажырасып кеткен және бірнеше ай бойы бір-бірінен бөлек тұрған.

 

Осыған дейін Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованың әріптестері қанды оқиға орын алатындай ешқандай себеп болмағынын, олар әдеттегідей қалжыңдасып, көңілді және бақытты жүргендерін айтқан еді. Алайда, полицейлер әртістердің өлер алдынан бірнеше ай бұрын ажырасып, бөлек тұрғанын анықтаған деп жазды Караван.

Оқиға барысында Шынтаевтың денесінің астынан қанмен бұлғанған асүй пышағы табылған. Аталмыш пышақ, болжам бойынша қылмыс кезінде пайдаланылған қару болуы мүмкін.

Сонымен қатар, грим жасалатын бөлме ішінен жабық болған. Тергеудің негізгі нұсқасы - кісі өлтіру және өз-өзіне қол салу. Қазіргі уақытта қасақана кісі өлтіру айғағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, төрт сараптау тағайындалды.

Театрдың бұрынғы директоры Талғат Теменовтың айтуынша, жұбайлар 2008 жылы екеуі де басты рөлде ойнаған “Бұлбұлды түн” деп аталатын драмада танысқан.

"Ол өте талантты, және тәжірибелі актер. Ал жұбайы Шынар өте сұлу, ақылды болған. Театрға жеті жыл бұрын келген. Олар бір-бірін сүйді содан кейін үйленді. Театрдағы көп адамының бірі ретінде мен де олардың тойларында болдым. Олар үйленгенде мен оларға: "Тек мұхиттың түбінен ғана гауһарды табуға болады деп айтқамын", - деп еске алды Теменов.

Әртістердің екеуі де Алматыдан болмаған соң, олар театрдың жатақханасында тұрған.

"Бұл мен үшін үлкен күйзеліс, болған оқиғаға әлі де сене алар емеспін. Ол Гауһарды қатты жақсы көрген, онсыз өмірін мүлде елестете алмайтын мен оны нақты білетінмін, сенімдімін", - дейді Теменов.

Жұптардың артында екі кішкентай қызы қалды.

Екі әртіс те мансабында жақсы көтеріліп келген, олар театр гастролімен әртүрлі елдерге баратын. Мұхитдин Шынтаев сондай-ақ, киноларға түсіп, "Серпер" сыйлығының лауреаты, "Қазақстан жастар одағының", "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының" лауреаттары болған.

Еске сала кетсек, 26 мамыр күні Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөсіпірімдер театрының грим бөлмесінен ерлі-зайыпты әртістердің өлі денесі табылған. Жұбайлардың өліміне себеп - олардың арасында туындаған жанжал деген болжам жасалды. Мұхитдин Шынтаев, болжам бойынша әйелін пышақтап, содан кейін өзіне қол салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/772818-almatyda-oli-kuyinde-tabylghan-musire.html