RU

Өскемен-Риддер жолында соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті

28 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусовка кентіне жақын жерде Nissan Qashqai маркалы көлік пен "ГАЗ" жүк көлігі соқтығысқан.

Жолдағы апат салдарынан жанармай төгіліп, екі автомобиль өртеніп кетті деп хабарлайды YK-avto.kz тілшісі.

Алдын-ала ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы өткен бейсенбі күні Өскемен-Риддер күре жолының Белоусовка кентіне жақын учаскесінде, түстен кейін болған. Соқтығысқаннан кейін жанармай жолға төгіліп, екі машина отқа оранған. Көліктер апат куәгерлерінің көз алдында жанып кетті.

Қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/772820-oskemen-ridder-zholynda-soqtyghysqan-e.html