RU

Ұлықпан Жолдасов тобымен бірге Еуропаны бағындыруға аттанды

Таң атысымен сазгер Ұлықпан Жолдасов «Дауыс KZ» тобымен Швецияға, нақтырақ айтсақ, Стокгольмге аттанды деп хабарлайды baistars.kz.

Діттеген жеріне жеткен топ, сондағы пәтеріне азық-түлік алып, тіршілік қамын жасауды бастап кетіпті.

Бұған дейін мәлім  еткеніміздей оның әндері енді Еуропа сахнасында шырқалып, шетелдік әншілердің репертуарына енеді.

Шведтік әріптестерімен келісім шартқа отырған Ұлықпан Жолдасовтың авторлық әндері жинақталған альбом жарық көреді. Қазақстаннан аттанған өнер иелері жаз бойы Стокгольмде болады, олар қазірден-ақ білекті сыбанып еңбекке кірісіп кетті.

Ұлықпанның альбомынан бөлек, «Дауыс KZ» тобына бейнеклип түсіру де жоспарда бар екен.

Шілде айында Астанада сазгердің авторлық кешін өткізу жоспарланып отыр. Ұлықпан Жолдасов жетегіндегі жігіттермен сол кешке келіп, қатысып, кейін Швецияға қайтадан кетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/773358-ulyqpan-zholdasov-tobymen-birge-europ.html