Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құран оқу жарысында 14 жастағы қари автокөлік ұтып алды (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы "Бәйкен" мешітінде өткен "VI Республикалық Құран оқу жарысының" жеңімпаздарын марапаттау салтанатына NUR.KZ тілшісі барып қайтты.

Құранның 30 парасын, яғни қасиетті кітаптағы 114 сүрені толық жаттаған қарилар сайысқа түсіп, 14 жастағы қари жеңіске жетті.

Әр облыстағы іріктеу сынынан өткен 32 қаридың Құранды мүлтіксіз жаттауы, оқу ережелерін сақтауы, аяттардың тәпсірін меңгеруі, сүрелердің аудармасын білуі сынды қабілеттерін ұйымдастыру алқасы жан-жақты саралады.

1-ші орынды Жамбыл облысынан келген 14 жастағы Дәулет Қалығұлов иеленді. Оған сыйлыққа Hyunday автокөлігі берілді. ІІ-ші орынды ОҚО-дан келген Шоқан Уәлиев иеленіп оған Daewoo Nexia көлігі сыйға берілді. ІІІ-ші  орынға лайық болған Хусей Уалихаджи қари "Лада Приора" көлігін қанжығасына байлады.

IV-ші V-ші орынды иеленген азаматтарға қажылыққа бару жолдамасы берілді. Ал қалған құран жарысына қатысқандардың әр қайсысына 70 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.

І-ші  орынды иеленген Дулат Қалығұлов Құранды бастан аяқ бір жарым жылда жаттап шыққанын айтады.

"Кішкентайымнан Құран оқып, жаттауға дағдыландым. Қазір қатты қуанып тұрмын. Осындай шаралар көп болып тұрса дегім келеді. Құранды бір жарым жылда жаттап, 2 жылда бекіттім. Ұстазыма рахмет айтамын" - деп өз қуанышымен бөлісті Дулат Қалығұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/773390-quran-zharysynda-14-zhastaghy-qari-avtokol/

pixel