RU

Шымкентте кондуктор оқушының бас киімін тартып алып, ұрған

Шымкентте №65 қалалық автобустың кондукторы оқушыдан жолақысын төлеуді талап етіп, бас киімін тартып алған. Оны қайтармақ болған бала, абайсызда қолымен кондуктордың бетіне тиіп кетеді. Сол үшін ер адам оқушыны бетінен екі рет ұрған.

Оқиғаға екі қалалық тұрғын араласқан деп хабарлайды Otyrar.kz.

Тасай ықшам ауданынан Марина құрбысы Айжанмен орталыққа баратын автобусқа отырады. Маринаның айтуынша, кондуктор оқушыдан бас киімін тартып алып, өзінің басына киіп алған. Ол жолақысын төлемейінше, бас киімін бермейтінін айтып, баланы мазақ қылған.

Бала өз киімін қайтармақ болған. Ол жігіттің басындағы бас киімін алу үшін секіргенде кондуктордың бетіне қолы тиіп кетеді. Сол үшін кондуктор баланың бетінен екі рет ұрған. Ашынған әйелдер жанжалға араласқан. Олар тексерушіге оқушыны ұруға хақысы жоқ екенін, осы қылығы үшін баланың жолақысын өзі төлеуі тиіс екенін айтқан.

"Менің құқығым бар! Менің құқығым бар! Менің құқығым бар! Құқыққа қосымша ретінде естеріңізге сақтаңыздар: кімнің ақшасы бар соныкі дұрыс", - деп ақша төлеуін талап еткен кондуктор әйелдерге осындай жауап қайтарған.

Сонымен қатар автобус жүргізушісі де өзінің әріптесін жөнге келтіруге тіпті тырыспаған. Ол қоғамдық орында болып жатқан жанжалды елемей отыра берген. Жылаған бала "Восток" ықшамауданынан түсіп қалған.

Марина автобус бақылаушысын дөрекі қылығы үшін жазаламақ болады. Ол Шымкент қалалық жолаушыларды тасылмадау көлігі және автокөлік жолдары бөліміне хабарласады. Ол жерде әйелге кінәліні жазалуға уәде береді.

Болған жайтты көріп, жағасын ұстаған Марина бұндай жағдайлар күндегі әдетке айналып кетуі мүмкін дейді.

"Мен де анамын. Менің де балам осы қоғамдық көлікпен қатынайды. Одан үнемі 25 емес керісінше 50 теңге алады. Жергілікті және республикалық деңгейде балалардың жолына жеңілдіктер не үшін жаслауда? Бұл заңды жүргізушілер мен бақылаушылар не себепті бұзады? Кішкентай балалар қайтарымын сұраса, оны сыртқа қуып шығуы да таңсық емес. Кей кездері автобусты тоқтатпай қояды", - дейді шағымданушы әйел.

Куәгер 25 теңге үшін кішкентай баланы мазаққа айналдырған азаматты басқаларға сабақ болуы үшін тез арада жазалау керек деп есептейді.

№65 маршуртты қадағалайтын "Санжар-Моторс" ЖШС-нің техникалық директоры Серік Тоқбергенов жолаушының өтініші қарастырылғанын телефон арқылы мәлімдеді. Бақылаушы жұмыстан шығарылып, жүргізуші бір аптаға жұмыстан қуылған. Директор одан артық жаза тағайындау мүмкін болмағанын айтты. Себебі жүргізуші бұл жұмысымен өз отбасын асырап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/773451-shymkentte-konduktor-oqushynynh-bas-kii.html