Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жартылай жалаңаш қыздар көшеде іш киімді жарнамалады (видео)

Опубликовано:

Атырауда іш киімдер сататын бутик тұрғындар назарын жартылай жалаңаш қыздар арқылы аудармақ болды. Екі бойжеткен тек іш киім мен туфли киіп, дүкен көлігінің қасында стриптиз биледі.

Ескертпе! Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған басылымның оқырмандары демалыс күні болған жайтты ұялы телефондарына түсіріп алған. Бейнежазбада "анайы жарнама" Атырау қаласындағы Махамбет көшесінде түсірілгені көрсетілген.

Оғаш жарнамасымен қыз-келіншектердің назарын аудартуға тырысқан жартылай жалаңаш бойжеткендерге көбіне ер кісілер көңіл аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/773473-atyrauda-zhartylay-zhalanhash-qyzdar-kosh/

pixel