RU

Елімізде алкоголь шығаратын 14 мекеменің лизенциясы қайтарып алынды

Қазақстанда этил спирті мен алкоголь өнімін өндіретін 14 мекемеден лизенциялары қайтарып алынды, деп хабарлайды Алматы арнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.

Заңсыз айналымға жол бермеу мақсатында мамандар осы компаниялардан өнім сатып алатын кәсіпкерлерге шыққан күніне мән беру жөнінде кеңес берілді.

Қара тізімге «Алтын Өмір», «БМ», “Еуразия Элит”, “Мерей” сынды бірқатар марка ілінген.

Айта кетерлік, Қазақстанда келесі айдан бастап жанармай, дизель отыны және алкоголь ішімдігі саудасымен айналысатын кәсіпкерлер онлайн бақылау-касса аппараттарын қолдануы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/773683-elimizde-alkogol-shygharatyn-14-mekemen.html