Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Музтв" арнасының жүлдесін табыстау рәсіміне "МузАрт" барудан бас тартты

Опубликовано:

Астанада 5-6 маусым күндері өтетін "Музтв" арнасының жүлдесін табыстау рәсіміне атақты "МузАрт" тобының жігіттері бармайтынын айтты.

"Музтв" сыйлығына әуелден қарсымыз деген алаштың аяулы азаматтарының пікірін, Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

«Қымбатты төртiншi билiк өкiлдерi! Даттарыңыз орынды. Сауалдарыңыз салмақты. Жауап береміз, Қазақ үшін сөйлеуден тартынған кезім болған емес. Премияның өзіне әуелден қарсымын, МузАРТтың атынан айтайын, Біз бармаймыз! Премиясы өзіне, ол Қазақтың МузАРТқа деген махаббатынан биік емес. Қазақтың мәдениетін, халықтық музыкасын, дәстүрлі әнін дәріптеу, міне, Бізге осы абырой! Ойлаңызшы, «Гәкку» телеарнасы Бакуге, Тбилисиге, болмаса Варшаваға барып осындай шара жасай алар ма еді? Олар кіргізбейді. Аумақ, территория, әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар. Менің, МузАРТтың айтары мынау: Қазаққа пайдаң тимесе, жөніңе жүр, зияның тимесін!», - деп жазды әнші өз парақшасында.

Ал қазіргі уақытта Астанаға Ресейдің өнер жұлдыздары келе бастады деп хабарлайды 31 арна. Алғашқылардың бірі болып елордаға келген әнші Диана Гурцкая соқыр балалармен де кездесті. Өзі де көзі нашар көретін сәбилерге арналған мектеп-интернатты аяқтаған өнер жұлдызы "Муз тв" жүлдесінің керемет өтетініне сенімді.

Журналистер алдына шыққан Диана Гурцкая Астананың төрінде отырғаны үшін және "Муз тв" мерекесін ұйымдастырғаны үшін алғысын президент Нұрсұлтан Назарбаевқа білдірді. Қазақ елінің қарқынды дамып жатқаны да, халықтың осындай "ұлы" мерекеге қызығуы да мемлекет басшысының арқасында деді ресейлік әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/775357-muztv-arnasynynh-zhuldesin-tabystau-ra/

pixel