Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында "чупа чупс" кәмпитіне қақалған 3 жасар сәби көз жұмды

Опубликовано:

Ақмола облысы Қосшы ауылында «Chupa Chups»  атауымен шығатын кәмпитті жеген кішкентай бүлдіршін көз жұмды. Оқиға таңғы сағат сегізде болған.

Көз жұмған сәби - үш жаста. Қайтыс болуының себеп-салдары - механикалық асфиксия. Яғни, өңешке кеткен домалақ кәмпит тыныс алу жүйесін бітеп, тұншығып қалған. Бала ауруханаға жетпей, үйде қайтыс болған.

Осыған ұқсас жағдай сәуір айында Орал қаласында да болған еді. Ол кезде 2013 жылы туған  бүлдіршін сағыз жұтып қойып, демала алмай бақилық болған. Ақ халатты жандар мұндай жағдайда ата-аналарына ауруханаға жеткенше алғашқы көмек көрсету керек дейді.

"Ондай жағдай болып қалған кезде Геймлиха әдісін жасау керек.Баланы  артынан қысып тұрып, жылдам әрекет жасап, төсін қысып жіберу керек. Сол кезде өкпесі қысылып, ішіне түскен "чупа чупс" болсын, басқа ұсақ зат болсын, бірден шығып кетуі мүмкін. Дәрігерлерге жеткенше ата-аналарға осындай амал жасау керек ", - дейді  Ақмола облыстық №1 ауруханасының терапевт дәрігері Қайрат Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/776569-aqmola-oblysynda-chupa-chups-kampitine/

pixel