Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үкіметтік емес ұйымдар ҰБТ-ға қарсылық білдірді

Опубликовано:

 Алматыда бірнеше үкіметтік емес ұйым өкілдері елде өтіп жатқан ҰБТ-ға қатысты өздерінің наразылығын білдірді.

Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндіктер институтының директоры Маргарита Өскенбаеваның сөзінше, тестке жіберілген оқушылардың "құқығы аяқ асты болып", оларға "психологиялық тұрғыдан қатты қысым жасалынып жатыр".

"Тестке кіргенде оқушыларды шешіндіріп, тіпті аяқ киімдерін шешіп, кәдімгідей тінтиді. Халықаралық заң бойынша, балаға оның ата-анасы мен туыстарынан өзге ешкім қол тигізуге болмайды. Одан бөлек, балаларға жылдың ортасынан бастап мұғалім, мектеп басшылығы мен ата-ана тарапынан психологиялық қысым жасалынады, баланы суицидке итермелейтін де осы жайт. Біздіңше, ҰБТ - суицидтің ең негізгі себебінің бірі деп танылып, мүлдем алынып тасталуы керек", - дейді Маргарита Өскенбаева.

Ал «Шығармашылық бастама жасаушы әйелдер лигасының» төрайымы Әсия Хайруллинаның айтуына қарағанда, халықаралық стандарттарға сай, балаларға таңдау құқығы берілу керек. Сондықтан Қазақстанда ҰБТ-ға балама емтихан түрі енгізіліп, оқушыға таңдау мүмкіндігін беру қажет.

Алматыда журналистерді жинаған ҮЕҰ өкілдері бұл мәселені талқылауда білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің өздерімен кездесуін талап етті.

Қазақстанда мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін ҰБТ 2 маусымда басталған. Сынақ 8 маусымда аяқталады. Ал одан ары маусымның 15-іне дейін апелляция өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/777707-almatyda-ukimettik-emes-uyymdar-ubt-gh/

pixel