Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең ұзын адамдар Алматыда бой өлшеп, жарысты (фото)

Опубликовано:

Қазақстан бойынша ең ұзын адамдар бірігіп, клуб ашпақ. Олар бұған дейін бір-бірін әлеуметтік желілер арқылы тапқан. Сұңғақ бойлылардың кездесуін көруге NUR.KZ тілшісі барып қайтты.

Мұнда келген бойжеткендердің бойы кем дегенде 1,80 см, ал жігіттердің бойы 1,90 см- ден жоғары болуы керек екен.

"Қазір бойынан ыңғайсыздық көретіндер көп. Олар әсіресе жар таңдағанда көп қиындыққа тап болады. Қоғамдық көліктерде өзгелер саусағын шошайтып көрсеткеннен бөлек, қазіргі кішкентай автобустарға отыру, тұру жағы ыңғайсыз.

"Аяғы үлкен сыйғанын, аяғы кіші таңдағанын" киеді деуші еді ғой. Біздің басымызда тура сол жағдай. Қазақстанда сұңғақ бойлылар киім алудан қиналады. Арнайы тапсырыспен алар болсақ қымбатқа түседі", - деп қиындықтарымен бөлісті ұйымдастырушылардың бірі.

Бұл клубта ұзынбойлылар ортақ мәселені бірігіп шешуге тырыспақ. Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы кездесуге 30-ға жуық азамат келіпті. Олардың дені кәсіби спорт түрлерімен айналысады екен. Ал аздаған бөлігі өз мамандығы бойынша экономика, заң саласында қызмет етеді.

Ал мұндағы бойжеткендердің көпшілігі модель.

Керімова Амира 23 жаста. Бойы - 1.80 см. Ол кәмелет жасқа толғаннан бастап сыртқы келбетінің сұлулығы мен  бойының сұңғақтығының арқасында кәсібін тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/780203-qazaqstan-boyynsha-enh-uzyn-adamdar-bir/

pixel