RU

Назарбаев: Өмірдің мән-мағынасы туралы ойланудың пайдасы шамалы

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға өмір мағынасы туралы көп ойланбай, керісінше, көбірек ел игілігіне еңбек ету керек деп кеңес берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Барлығы да өмірдің мән-мағынасы неде деп ойланғысы келеді. Мен осыншама жасқа келгенімде, өзімнің өмір тәжірибемнен ойлап қарасам, өмірдің мән-мағынасы туралы ойланудың пайдасы шамалы», - деді Назарбаев, дүйсенбі күні Астананың «Жасыл белбеуіне» барған кезде журналистердің сұрауларына жауап беріп.

Президент пікірінше, адамның өмірінің мән-мағынасы – қалыпты өмір сүріп, өз Отанының игілігіне еңбек етуде.

«Біз әр кез не өткенімізбен өмір сүріп, нені дұрыс істемедік екен деп ойланамыз, және 10 жылдан соң не болар екен деп келешек туралы толғанамыз. Кім біледі? Біз ертең не боларын білмейміз», - деді елбасы.

«Өмірдің мағынасы қалыпты өмір сүріп, жақындарды, дос-жарандарды, Отанды сүйіп, өз балаларыңның келешегін күйіттеу», - деп тұжырымдады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/780577-nazarbaev-qazaqstandyqtargha-omirdinh.html