RU

Түркияда сайлаудан кейін лираның құны күрт төмендеген

Президент Ердоғанның Әділдік және даму партиясы 13 жылда алғаш рет меджилиске өтпей қалғаннан кейін (ол небәрі 41 пайыз дауыс жинады) демалыс күндері түрік лирасы рекордтық деңгейге төмендеп кетті.

Инвесторлар ӘДП билікте қалуға жеткілікті дауыс жинай алады деген сенімді болған еді, себебі ол министрлер кабинетін қалыптастыруда белгісіздіктің орын алуына жол бермейтін жалғыз партия.

«Парламенттік көпшілікті жоғалтқан ӘДП осы сайлауда алғаш рет 13 жылда соңғы жылдары дамушы нарықтарда ең драмалық саяси оқиғалардың бірін көрсетті», - деді Spiro Sovereign Strategy-ден Николас Спиро.

«Лираның құны сайлауға дейінгі долларға бағамына шаққанда күрт төмендеп кетті. Қазіргі уақытта оның бағасы әлі де төмендей түсуі мүмкін, салдарынан орталық банкке қысым (пайыздық ставканы көтеруге мәжбүрлейді) күшейіп, инфляция қаупі туындайды», - деп атап өтті Спиро.

Дамушы нарықтардың валюталары арасында серпіні баяу бағамдардың бірі лира бағамы нәтижелерді есептегеннен кейін 1 долларға шаққанда 2,799-ды құрады, бұл 5 пайызға төмендеуді білдіреді, деп хабарлады vestifinance.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/780624-erdoghannynh-partiyasy-medzhiliske-otpe.html