RU

«Қарашығанақ» мұнай-газ кенішінен өрт шықты

Батыс Қазақстанда «Қарашығанақ» мұнай-газ кенішінен өрт шықты. Төтенше оқиғадан зардап шеккен адам жоқ, дегенмен кәсіпорынның қыруар шығынға батқаны анық деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл көріністі куәгерлер түсіріпті. Алдымен кен орны маңындағы трансформатордан от тұтанған. Лезде шарпыған жалын, резервуарда сақтаулы тұрған 13 тонна мұнай өніміне үлкен қауіп төндірді. Оның біршамасы жерге төгіліп, 20 шаршы метр аумаққа жайылған.

Жедел түрде газ өңдеу қондырғысының біреуін істен шығаруға тура келген. Тілсіз жау өрт сөндірушілерді біраз әуреге салды.

Оны ауыздықтауға 35 адам жұмылдырылған. Кәсіпорын жұмысшылары дер кезінде қауіпсіз жерге шығарылғандықтан, ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/781225-qarashyghanaq-munay-gaz-kenishinen.html