RU

Ресей президенті Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттады

Ресей Президенті Владимир Путин «Нұрсұлтан Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттау» туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарт.

«Қазақстан-Ресей ынтымақтастығындағы жоспарлардың дамуына, еуразиялық интеграциялық үдерістерді алға жылжытудағы екіжақты ықпалдастыққа қосқан өлшеусіз үлесі үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Александр Невский орденімен наградталсын» делінген құжат мәтінінде.

Бұған дейін мұндай орденмен Беларусь президенті Александр Лукашенко марапатталған.

Ресей, Қазақстан мен Беларусь - Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрған мемлекеттер. ЕАЭО-ға 2014 жылы Армения, биыл мамырда Қырғызстан кірген.

1994 жылдың наурызында Назарбаев Мәскеуде "мемлекеттердің еуразиялық одағын" құру идеясын көтерген. Бір жылдан соң Беларусь, Қазақстан және Ресей ЕАЭС-тің негізі болған Кеден Одағын құру туралы келісімге қол қойды деп жазды Азаттық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/781266-putin-nazarbaevty-aleksandr-nevskiy.html