RU

Шымкентте перзентхана қызметкері нәрестелерді саудалаған

Полиция қызметкерлері №1 шымкенттік перинатальды орталықтың дәрігері әрі бөлім меңгерушісін нәрестелерді саудалады деген күдікпен құрықтады.

Қылмыстық іске облыстың ІІД тергеу басқармасы қызметкерлері тергеу жүргізуде деп жазды Times.kz. Тергушілер 10 шақты нәресте сатылды деген ақпарды тексеріп жатқанын басылым тілшісі анықтаған екен.

Бүгін полицияның күдіктілерді қамауға алу санкциясы сотта қаралатын болады.

2013 жылы осы перинатальды орталықта үлкен дау орын алған: екі медбикелері сәбиді сатқаны үшін сотта айыпталған еді. Ол кезде Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты облыстық денсаулық сақтау басшылығына жеке ұйғарым қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/781426-shymkentte-perzentkhana-qyzmetkerleri.html