RU

Австралияда бульдозерді ұрлап әкеткен ер адам танысының үйін талқандап тастады

Австралияда ер адам бульдозерді ұрлап әкетіп, онымен 3 көлікті талқандап, тағы бір үйді жермен-жексен етті деп хабарлайды 24.kz.

Абырой болғанда, үйде отырған әйел мен балалар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Оқыс оқиға орнына шұғыл келіп жеткен полицейлер қаскөйді тұтқындаған.

Ер адамды бұл қадамға не итермелегені әзірге белгісіз. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, ол аман қалған отбасы мүшелерімен таныс болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Ер адам есікті ішінен жауып алғандықтан, біздің қызметкерлер бульдозердің ішіне кіре алмай әлек болды. Сол себептен бізге оның терезесін сындырып, кабинаның ішіне арнайы газ шашуға тура келді", - дейді Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полиция қызметкері Дэвид Мэтьюс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/781544-avstraliyada-buldozerdi-urlap-aketk.html