RU

Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде өзекті мәлімдеме жасамақ

Ертең Астанада басталатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев өте өзекті мәлімдеме жасайды.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысында Англикан шіркеуінің қызметшісі Ричард Аткинсонның көтерген мәселелерін талқылай отырып, хатшылық жетекшісі, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мен бүгінгі хатшылық отырысын пайдалана отырып, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа осы бастамасы үшін алғыс айтқым келеді. Алдағы екі күн бойы съезд аясындағы жұмысымыздан тыс, біз өзекті мәселелерді өзара талқылаймыз деп ойлаймын. Атап айтсақ, зорлық-зомбылық, дінді сылтау қылып, адамдарды аластау, нақтырақ айтсам, босқын ретінде христиан дінінің өкілдерін қудалау сияқты мәселелерді халықтарымызға жеткізу керек», - деді Бэдфорд Епископы, Англикан шіркеуінің өкілі Аткинсон.

«Сіздің ойыңызды түсініп отырмын. Менің білуімше, сіз атап өткен мәселелер бойынша ертең Қазақстан президенті өте өзекті мәлімдеме жасайды. Бұл – ертеңгі съездің күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі», - деп хабарлады Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/781725-nazarbaev-alemdik-zhane-dasturli-dind.html