RU

Қайрат Нұртас: "Жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартуға мәжбүрмін"

Танымал қазақстандық әнші, «МузТВ» телеарнасының арнайы сыйлығы - «Қазақстанның үздік жыл әртісі» аталымының жеңімпазы Қайрат Нұртас жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтты.

«Қазақстан» арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болған әнші «МузТВ» сыйлығын жеңіп алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті деп жазды baq.kz.

«Тыңдармандар менің отбасымды емес өнерімді мен шығармашылығымды бағаласа деймін» дейді әнші.

«Сұхбат бермегеніме біраз уақыт болыпты. Сіздердің бағдарламаларыңызға сәті түсіп, келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Маған көбіне көңіл-күйіңіз қалай, жанұяңыз бар ма деген сұрақтарды жиі қояды. Ол менің жеке өміріме қатысты болғасын, жауап беруден бас тартуға мәжбүрмін. Көрермендер менің өнерімді, шығармашылығымды бағаласа деймін», - деп бастады әңгімесін студия қонағы.

Сыйлықты иеленген кездегі әсерімен бөліскен Қайрат: «Әркімнің өз арманы бар. Өз еліңде мұндай сыйлық алу менің ғана емес, әр әншінің арманы, деп ойлаймын. Бұл жүлдеге алдымен Алланың қалауымен, сосын халықтың қолдауымен ие болдым. Өте қуаныштымын. Осы додада қарсылас болған әр әнші мықты талант. Оларға алдағы жобаларда топты жарып шығуларына тілектеспін», - дейді Қайрат.

«МУЗ ТВ» сыйлығы екі елдің мәдениетін біріктіріп, әншілерін бір-бірімен таныстырды, жақындастырды, бір сахнада ән салуға мүмкіндік берді. Сыйлықтың дәл біздің елде өтуі – үлкен жетістік», - деп ағынан жарылды танымал әнші.

Оның айтуынша, жақын күндері махаббат жайында жазылған 3-4 ән тыңдарман назарына ұсынылатын болады. Қаншалықты сәтті шыққанын сол тыңдармандар берсін деп сөзін түйді танымал әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/781745-qayrat-nurtas-zheke-omirime-qatysty-su.html