RU

Шахматтан Қазақстан құрамасының капитаны қаржыгерге тұрмысқа шықты

Шахматтан халықаралық дәрежедегi гроссмейстер, Азияның үш, Қазақстанның 4 дүркiн чемпионы, Универсиада мен халықаралық турнирлердiң жеңiмпазы, Қазақстан құрама командасының капитаны Гүлiсхан Нахбаева жуырда тұрмысқа шықты.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан газеті хабарлайды.

Чемпион қыздың жары Асқар Аманқұлов «Казкоммерцбанкте» қаржыгер болып қызмет атқарады. Гүлiсханның әкесi Сайфуллин мен анасы Айдын аяулы қыздарының ұзату тойын дүркiретiп өткiздi.

Көңiл толқытарлық мерейлi кеште Гүлiсханға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған құттықтау жеделхаты оқылды.

Онда «Құрметтi Гүлiсхан Сайфуллинқызы! Отбасылық жаңа өмiрге басатын қадамыңыз құтты болсын. Сүйiктi жарыңызбен өсiп-өнiп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешiңiздер. Елiмiздiң үлгiлi отбасыларының бiрi болыңыздар» деген жолдар бар.

Сондай-ақ, жас жұбайларға облыс әкiмi Асқар Мырзахметов пен облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Жеңiсбек Мәуленқұлов та құттықтау хат жолдап, қуаныштарымен бөлiстi.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782006-shakhmattan-qazaqstan-quramasynynh-kap.html