RU

Шымкентте перзентхана қызметкерлері нәрестелерді $3 мыңға сатқан

Шымкенттегі №1 перинатальды орталықтың нәрестелерді саудаға салған дәрігерлеріне қатысты жағдайдың егжей-тегжейі анықталды. Ақ халаттылар аналары бас тартқан сәбилерді $1-3 мыңға сатқан.

"Қазіргі уақытта екі тұлғаны қамауға алу санкциясы берілді. Бірақ бұл қылмысқа бір топ адамның қатысы бар. Қалғандары тергеуге алынды"- деп хабарлады прокуратурадан.

Сатылған нәрестелерден аналары бас тартқаны белгілі болды. Оларды әр түрлі себептермен бала көтере алмай жүрген отбасылар $1-3 мыңға сатып алған. Сатып алушының аталмыш перинатальды орталықта сәбиді босанғанын растайтын жалған құжаттар әзірленіп отырған.

Жаңа туған нәрестелерді сатып алушылар Оңтүстік Қазақстан мен өзге аймақтардан болған. 10-нан астам сәби сатылып кеткені анықталды. Прокуратура қызметкерлері бұл санның өсуі мүмкін екенін жоққы шығармады.

Еске салсақ, бұған дейін полицейлердің №1 шымкенттік перинатальды орталықтың дәрігері әрі бөлім меңгерушісін құрықтағаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782036-shymkentte-perzentkhana-qyzmetkerleri-2.html