RU

ҰБТ қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бірден 5-ші орынға көтерілді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша Қызылорда облысы жалпы көрсеткіш бойынша 5-ші орынға көтерілді.

Биыл ҰБТ нәтижесі бойынша Қызылорда облысындағы орташа балл 81,7 ұпайды құраған. Бұл жалпы есепте 5-ші орынға көтерілуге мүмкіндік береді.

Тиісінше, алғашқы орындарды Алматы қаласы (92,1), Астана (86,68), Батыс Қазақстан облысы (83,62), Ақтөбе облысы (82,69) иемденген.

Тізімнің ең соңғы орнында Атырау облысы орналасқан. Атыраулық түлектердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы 61,01 ұпайды құрады.

Еске сала кетейік, былтырғы оқу жылы мен ҰБТ қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы орташа балл 74,25 ұпайға жетіп, облыс 13-ші орында қалған болатын.

Ал Қазақстан бойынша ҰБТ-дағы орташа балл 79,4 ұпайға тең болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782092-ubt-qorytyndysy-boyynsha-qyzylorda-ob.html