RU

Мамандар қазақстандық минералды судың денсаулыққа зиянды екенін айтты

Қазақстандағы минералды сулардың кей түрлеріне таяу шетелден сатып алынған арзан қоспалар қосылады. Сол себепті, денсаулыққа зиян келтіреді.

"Нарықтағы дағдарысқа байланысты олар (су өндірушілер – ҚазТАГ) шығынды барынша азайтып, өзге мемлекеттерден арзан материалдар сатып алады. Ондайлардың сапасын тексеру оңайға соқпайды. Олардың кейбірі тұтынушылардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Мысалға, құрамында шекті өлшем деңгейінде аммиак бар көмір қышқыл газы зиянды", - деп мәлімдеді ҚазТАГ агенттігінің дереккөзі.

Агенттікке сұхбат беруші кей қазақстандық кәсіпорындардың қосқышқылды көміртекті денсаулыққа қауіпсіз шегінің ең төменгі деңгейінде алатынын айтты: оларды тыңайтқыштар өндіретін зауыттардан алып, тұтынушыларды улап отыр.

"Жақсы көмірқышқыл газында аммиак болмау керек. Сапасыз судан аммиактың дәмі сезілетіні белгілі. Әрине бір шөлмек адамды уландыра қоймайды. Алайда тұрақты түрде пайдалану ауыр салдарға әкелуі мүмкін", - деп мәлімдеді дереккөз.

Оның ақпаратына сәйкес, көмір қышқыл газы Өзбекстаннан арзан болуына байланысты сатып алынады. Қазақстандық санэпидстанция шетелдік өндіруші орынға барып, тексеру жүргізе алмайды. Әрине өзбекстандық экспортшы құжаттардың барлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Сол себепті зиянды өнімді анықтау өте маңызды.

"Жаз бізде ыстық. Сол себепті минералды суларды тұтыну да өсе түседі. Әзірге ешкім уланбағаны бұл мәселені тексермеу керек дегенді білдірмейді. Қарапайым сараптама барлық мәселені шеше алады", - деп санайды агенттік дереккөзі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782100-pikir-qazaqstandyq-mineraldy-su-dens.html