RU

Жанар Дұғалова өзіне жеңіс әкелген әнге бейнебаян түсірді (видео)

Turkvision-2014 байқауында Қазақстан намысын абыроймен қорғап, бас жүлде еншілеген Жанар Дұғалова "Ізін көрем" әніне клип түсірді.

Бұл туралы әншінің продюсері Баян Есентаева телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.

Жанар Дұғалованың бейнебаянын ресейлік режиссер, бүгінге дейін Нюша, Полина Гагарина, Дима Билан секілді әншілермен бірлесе жұмыс істейтін Алексей Голубев түсірген.

Дұғаловаға жеңіс әкелген "Ізін көрем" әнінің сөзін Ринат Зайытов, әуенін Жанардың өзі жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782277-zhanar-dughalova-ozine-zhenhis-akelgen.html