RU

Сарышаған полигонында ресейлік ЗҚҚ зымыранға қарсы жүйесі сыналды

9 маусым күні Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында әуе-ғарыш қорғаныс әскерлері мен өнеркәсіп өкілдерінің бірлескен жауынгерлік тобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚҚ) жақын әрекеттегі зымыранға қарсы сынақ іске қосылымын сәтті жүргізді, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Іске қосуды жүргізу мақсаты әуе-ғарыш қорғаныс әскерлерінің қарулануындағы ЗҚҚ зымыранға қарсы жүйесінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын растау болып табылады», - делінген министрліктің сейсенбідегі хабарында.

Әуе-ғарыш қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары Сергей Лобовтың айтуынша, «зымыранға қарсы жүйелерді сынақтан өткізу барысында ЗҚҚ міндетті сәтті орындап, нысананы белгіленген уақытта дәл көздей алды».

Автоматты режимдегі жауынгерлік жұмыс кезінде нысананы табу, жауынгерлік блоктарды іріктеу, зымыранға қарсы құрылғыларды дәлдеуді қосқанда, Мәскеуді шабуылдайтын баллистикалық зымырандардың жауынгерлік блоктарын талқандауды қамтамасыз ететін жүйе құралдарын басқару міндеттері шешіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782312-saryshaghan-poligonynda-reseylik-zqq-z.html