RU

Қарағандыда соққыға жығылған сарбаздың өмірі қыл үстінде тұр

Қарағандыда соққыға жығылған сарбаздың өмірі қыл үстінде тұр. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азамат адам көрсе шошып, тіпті талып қалатындай жағдайға жеткен.

19 жастағы Елдос Ожанов ауруханада ем алып жатқанына бір аптаға жуықтаған. Кенже ұлдарын әскерге сап-сау жіберген туыстары әрең сөйлеп, өз жақындарын танымай қалатындай жағдайға жеткізген өзінен үлкен қызметтестерінің әлімжетігінен дейді.

"28-і күні баламды тоқпен ұрған. Күші жетпеген соң қамап қойып ұрған. 29-ы күні тоқпен арқасынан ұрған. Сөйтіп үш бала боп жабылған. Он мың теңге ақша сұраған", - дейді науқастың әкесі Намазбай Наурызбаев.

Жақындарының айтуынша, әскери қызметкерлер Елдос Ожановтан он мың тауып беруді талап еткен. Бірақ оған көнбеген сарбаз үш күн өзінен үлкен қызметтестерінен оңбай таяқ жеп, біреуге тіс жаруға намыстаныпты.Тек денсаулығы нашарлаған соң ғана ауруханаға жүгініпті.

Қазір қарағандылық мамандар орташа деңгейде түскен сарбазға миы шайқалып, талып қалу диагнозын қойыпты. Жағдайы бір қалыпты деген дәрігерлер балаға қатты қысым көрсетілгенін айтып отыр.Ал 5516 әскери бөлімше командирлері тергеу амалдары аяқталмайынша сұхбат беруден бас тартып отыр.

"Әдетте осындай диогнозда келген науқастар психологиялық қысым көрген болады. Немесе қатты шок алуы мүмкін", - дейді нейротравматологиялық бөлімнің меңгерушісі Саят Кенжебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782486-qaraghandyda-soqqygha-zhyghylghan-sarbaz.html