Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау жастары қала көшелерінен Ленин ескерткішін алып тастауды талап етті

Опубликовано:

Көкшетау жастары орталық саябақта тұрған Лениннің мүсінін Абай ескерткішімен алмастыруды ұсынады. Өйткені күн көсемді дәріптеген Лениннің өзге де  мүсіндері мен бюстін  қаланың бірнеше жерінен де аңғаруға болады.

Қала жастары жергілікті басшылықтан ескерткіштерді ретке келтіруді сұрап отыр. Әсіресе кешқұрым уақытта  Көкшетаудағы орталық саябаққа жиналатын жастар қаланың  қақ төрінде Ленин ескерткішінің тұрғанына қарсы.

"Ленин біздің атамыз деген заман кеткен. Құдайға шүкір, Қазір тәуелсіздігіміз бар, туымыз бар. Сондықтан Лениннің мүсінін Көкшетаудың қақ төрінен, орталық саябақтан алып тастау керек.Оның тұрғанына  қаладағы көптеген қазақ жастары қарсы. Өйткені, бұл жас буынның тәлім тәрбиесіне кері әсер етеді", - дейді  Көкшетау қаласының тұрғыны Аслан Мұхамедияров.

Орталық саябақтан өзге автовокзалда жолаушыларға арналған сызбада Ленин бейнеленген таңба тұр. Бұдан өзге Стадион маңында ақ түсті мүсіні тағы бар. Сондай-ақ, өзге де көшелерді аралаған адам   Ленинге арналған белгілерді кездестіре  алады.

"Абай көшесінің қасында тұр ғой, неге осының орнына Абайды қоймасқа. Болмаса біздің қазақтың топырағынан шыққан басқа да мықты тұлғаларымыз бар. Солардың неге ескерткіші жоқ", - дейді  Көкшетау қаласының тұрғыны Мерген Тоқсанбай.

Жастардың талабы социлизмнің  сарқыншағын еске салатын белгілерден арылу. Ал, жергілікті басқарма басшысы  ескерткіштерді реттеуге байланысты  жауабын  қысқа қайырды.

"Сіздің сұрағыңыз орынды. Біз бұл сұрақты ойластырып, бір шешімге келеміз", - дейді Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева.

Сондай-ақ, мәдениет басқармасы  басшысының жеке пікіріне сүйенсек  Кеңес заманын көрген замандастар  әлі де болса Ленинді  құрмет тұтатындығын айтты. Ал жастар болса тәуелсіз мемлекетімізге сай   ескерткіштер болу керек деген пікірден таймай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/782504-kokshetau-zhastary-qala-koshelerinen-le/

pixel