RU

Оңтүстік Кореяда тәж вирусынан қайтыс болғандар саны 9 адамға жетті

Оңтүстік Кореяда тәж вирусы құрбандарының саны артты. Күллі әлем елдерін елең еткізген кеселден мұнда 9 адам қайтыс болған.

Ал қатерлі дертті жұқтырғандардың саны 108 адамға жетті. Науқастардың 13-і карантинге жабылған тұрғындар болып шықты. Олардың 10-ы Сеул медициналық орталығында ем-дом қабылдаған.

Ел билігі қазір қоғамдық орындарды тексеріп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар саяхатшылар үшін сырқаттарды қабылдаған 29 аурухананың атауын жария етілді. Ал бүлдіршіндердің өміріне қауіп төнбес үшін 2 мың 200 мектеп жабылды.

Айта кетейік, тәж вирусы 2012 жылдың қыркүйек айында Сауд Арабиясы елінен шыққан болатын. Бірақ әлі күнге дейін бұл кеселге қарсы дәрі-дәрмек табылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/782846-onhtustik-koreyada-tazh-virusynan-qayty.html