RU

Алматы орталығында автобус пен көлік жүргізушілері жаға жыртысты (видео)

Алматыда қоғамдық көлікке арнайы жол бөлінгенімен, оны да бөлісе алмай жатқандар баршылық. Жақында "арнайы жолға" жеңіл көлік жүргізіушісі шығамын деп қоғамдық көлік жүргізуішісімен жаға жыртысқан видеосы пайда болды.

Сәлімхан есімді пайдаланушының motor.kz-ке берген ақпарына сәйкес, жолдағы төбелес №120 автобус пен Mercedes-Benz Viano көлігінің жүргізушілері арасында болған. Абай-Абылай хан даңғылының қиылысында орын алған төбелес 2 минуттай жалғасқан. Алайда Сәлімхан олардың не себепті сөзге келіскендерін айтпады.

Даудың туындауына жақында ғана ауыстырылған жол белгісі (ортаңғы жолақтан бұрынғыдай солға емес, тіке жүруге рұқсат берілетін белгі) себеп болуы да мүмкін. "Мерседес" жүргізушісі "қоғамдық көліктер жолына" шықпақшы болғанда 120 автобус жүргізуішісі оны жібермей қойғаны төбелеске әкелген болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/783516-almaty-ortalyghynda-avtobus-pen-kolik.html