RU

Қазақстанда қызды күштеп алып қашқаны туралы видео ғаламторды дүр сілкіндірді

Ғаламторда Қазақстандағы қыз алып қашу туралы жарияланған видео жұртшылықты дүр сілкіндірді. Өз еркінен тыс алып қашып келген қызға орамал салмақ болғанда, ол жылап, қарсылық танытқан.

Бұл видеоны Facebook әлеуметтік желісіндегі Бауыржан Орда есімді «Хабар» агенттігінің журналисі жариялаған.

Ол бұл видеоны WhatsApp мессенджері арқылы алғанын, оқиғаның қай жерде болғанын анықтау мүмкін болмағанын жазады.

Видеода Арай есімді қыздың көліктен түспей, басына орамал салмақ болғанда қарсылық танытқаны байқалады. Ал үлкендер жағы оған басу айтып, шашу шашады. Басына орамал салынған соң, қыз сабырға келеді.

Ал біраз уақыттан соң қыз «Ұстамаңдар, орамал тақпаймын» деп, одан әрі жылай түседі.

Кейін келіннің болашақ енесі "Жалғыз сені ғана емес, барлығын да осылай алып қашады", - деп жұбатқан.

Желі қолданушыларының пікірінше, бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/784028-qazaqstanda-qyzdy-kushtep-alyp-qashqan.html