RU

Қазақстандағы Франция елшісі күн сайын қымыз ішетінін айтып, мақтанды

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен Павлодар облысына жұмыс сапары барысында күнде қымыз ішетінін айтты.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Мейман Павлодардағы «ФудМастер» компаниясының жұмысымен танысып, мамандармен кезедесті.

"ФудМастер" компаниясы француздық стантарттағы өнімдерді дайындайтынын атап өтті. Олай болса, бұл зауыт өнімдерін Францияда еш қиындықсыз сата алады. Сонымен қатар наурыз айында Астана мен Париж қалалары арасында тығыз қарым-қатынас жайында мәселе көтеріліп, визаны алу мәселесі жеңілдетілген болатын. Бізді табысты әрі сәтті жыл күтіп тұр деп ойлаймын", - деді Франсис Этьен.

Сондай-ақ Францияның Қазақстандағы елшісі қазақтың ұлттық сусыны жайында да пікірін білдірді.

"Францияда қымыз сататын жерді көрсем, барлық достарыма бұл жайында міндетті түрде айта жүретін едім. Себебі қымыз - француздықтар үшін жаңа дүние. Оның пайдасы мол екені белгілі. Өзім қымызды күн сайын ішемін", - деп атап өтті Этьен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/784100-qazaqstandaghy-franciya-elshisi-kun-say.html