RU

Аслан Сәрінжіпов Азат Перуашевтан кешірім сұрамайтынын айтты

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов депутат Азат Перушаевтан кешірім сұрамайтынын айтты.

Бұл туралы Informburo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Мен лоббилау сөзінің біреуді қатты ашуландырғанына таң қалып отырмын. Менің ойымда біреуді кемсіту мүлде болған емес», - деді Сәрінжіпов.

Ол «Ақ жол» партиясы басшысынан кешірім сұрайсыз ба деген сұраққа «Жоқ» деп жауап берген.

Естерiңiзге сала кетесек, 27 мамыр күнi мәжiлiстiң жалпы отырысында Азат Перуашев жоғары оқу орындары мен техникалық-кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының аккредитацияға өтуге қатысты Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қызметiн сынға алған болатын.

Депутаттың пікірінше, заңдарды өзгерте бергенше, министрдi ауыстырған жеңiлiрек болады. Кейiн, депутаттың өзi хабарлағандай, министр Аслан Сәрiнжiпов БАҚ өкiлдерiне сұхбат берiп, Перуашевтiң жеке жоғары оқу орындарының мүддесiн қорғап жатқанын айтыпты-мыс. Бұған наразы болған депутат Мәжiлiс спикерiнен Бас прокуратураға шағым түсiруiн сұрады.

Кейін Перуашев Білім министрі көпшілік алдында кешірім сұраса, мәмілеге келетінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/784329-aslan-sarinzhipov-peruashevten-keshiri.html