RU

Шымкентте нан бағасының қымбаттауына тұрғындар наразы

Шымкентте әлеуметтік нан бағасы қымбаттады. Енді оның бір бөлкесі 37 теңгеге сатылады. Тұрғындар бұған наразы екенін білдіруде.

"Неге қымбаттаған? Мүмкін, диірмендерімізге жеткізілетін бидайдың қымбаттауынан болған шығар. Бұрын әлеуметтік нанды 35 теңгеден саттық, себебі ұнның бір қабын 2300 теңгеден сатып алатынбыз. Енді оның бағасы 400 теңгеге көтерілген", - деп баяндады "Нан" наубайшылар қауымдастығының төрағасы Әбдумәлік Көмекбаев.

Қазіргі кезде қала әкімдігі, наубайшылар және сатушылар нанды 37 теңгеге сату туралы келіскен үшжақты меморандумға қол қойды. Оның бағасын тіпті наубайшылардың өздері төмендете алмайды. Олар табыстың онсыз да төмен болып отырғанын айтады.

Нанның қымбаттауы сатушыларға да ұнамай отыр. Олар бұрын жеткізушілерден нанды 33 теңгеден сатып алып, оның бөлкесін 35 теңгеге емес, 40 теңгеге сатқанын айтып отыр. Бүгінде нанды 37 теңгеден сату - тиімсіз, ал бағаны одан асыруға қорқып отыр, себебі сатып алушылардың ашуына тап бола алады.

ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасында нан бағаларын тұрақтандыру бойынша шаралар қолданып отырғанын айтып отыр, бірақ ұн тек біздің аймақта емес, бүкіл ел бойынша қымбаттап жатыр.

"Республика Үкіметі бидай бағасын тоқсан сайын өсіру шешімін қабылдады, нан бағасының қымбаттауы да осыдан. Біз диірмендер ұнның бір келісін 54 теңгеге сатуы, ал наубайханалар нанды сауда нүктелеріне 35 теңгеден жеткізетіні жөнінде келістік. Сатушылар нанды 37 теңгеден сатуы тиіс", - деп баяндады ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Нұрбек Бадырақов.

Наубайшылар егер ұнның қымбаттауы тоқтамаса, нан бағасын ұстап тұра алмайтындарын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/784480-shymkentte-nan-baghasynynh-qymbattauyn.html